Дұрыс тамақтану - денсаулықтың кепілі. » Бәйдібек ауданы білім бөлімінің "Тұрмыс-1 жалпы орта мектебі" мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Түркістан облысы
Байдібек ауданы білім бөлімінің
"Тұрмыс-1 жалпы орта мектебі"
Education Department of Kerbulak district
Reception room :
+7(72) 43-50-93
bookkeeping:
+7(72) 23-11-37
Version for
visually impaired
02
September
2024

Дұрыс тамақтану - денсаулықтың кепілі.

      Ас — адамның арқауы. Дұрыс тамақтану – адамның денсаулықты сақтауына, ағзаның қалыпты өсуі мен дамуына септігін тигізеді. Сонымен қатар көптеген аурулардың (асқазан-ішек жолдары, қан диабеті, жүрек-қантамыр) алдын алуға барынша ықпал етеді. Денсаулығымыздың сау болуының 80 пайызы қалай тамақтанғанымызға байланысты. Дұрыс тамақтану үшін міндетті түрде диета ұстау керек пе?  Жоқ, дәл осылай ойлайтын болсаңыз, қателесесіз. Бұл—зиянды тамақтарды пайдалы өнімдермен алмастыру. Әрине, ағза жаңа өзгерістерге бірден үйреніп кете алMayды. Сондықтан да шамадан тыс шектеуге болMayды. Мысалы, тұз бен қанттың мөлшерін азайтып, газдалған сусындарды мүлдем ішпеуге тырысып, калориясы көп ( тоқаш, десерт, бәліш) тағамдардан шектелу қажет. Олардың орнына жемістер, дәнді дақылдар, айран ішкен тиімдірек.
    Қазіргі таңда дұрыс тамақтанбаудың салдарынан, артық дене салмағы және семіздік аурулары белең алуда. Шамадан тыс тамақтану, қатаң  диета ұстау және жатар алдында тамақтану барлығы дерлік денсаулығымыздың құртылуына әкеліп соқтырады. Сондықтан да «ауырып ем іздегенше, ауырMayтын жол ізде»демекші, барынша деніміздің сау болуына аса мән берген абзал. Дұрыс тамақтану — денсаулық кепілі екенін мүлдем естен шығарMayық!
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив