Мәлімет » Бәйдібек ауданы білім бөлімінің "Тұрмыс-1 жалпы орта мектебі" мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Түркістан облысы
Байдібек ауданы білім бөлімінің
"Тұрмыс-1 жалпы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
17
апрель
2023

Мәлімет

2022-2023 Мектепте Білім күніне арналған салтанатты жинының іс-шара жоспары құрылып бекітіліп, дайындық жұмыстарын жүргізілді.
 
1 қыркүйек күні Білім күніне арналған "Алғашқы қоңырау" салтанатты жиынға аталып өтті.Салтанатты жиынға мектеп ұжымы, ата-аналар және 230 оқушы қатысты. Салтанатты жиын мемлекеттік туды енгізумен және мемлекеттік гиміннің орындалуымен басталды. Мектеп директоры Э.Бекбаева   және ауыл әкімі Қ,Тулепов құттықтау сөз жолдап барша оқушыларды, ата-аналарды, мұғалімдер мен қатысушы қонақтарды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, сәттілік тіледі. Сонымен қатар 1 сынып оқушыларына Елбасының «Менің отаным-Қазақстан» кітабы  сыйға тартылды.Алғашқы қоңырау салтанатты жиыны аяқталған соң өткені жөнінде ютуб әлеуметтік желісіне салынды.

  

1 қазан – Халықаралық қарттар күні мерекесіне орай мектепте «Қарттарым-асыл қазынам» тақырыбында іс-шара жоспары құрылып, бекітілді. Сондай ақ апталық басында қазақ тілі мұғалімдерінің ұйымдастыруымен «Ақылды қария, ағып жатқан дария» атты шығарма жазу сайыстары өткізілді. 4 сынып сынып жетекшісі Төребекова Сәуле қарттар күніне орай оқушыларға тәрбие сағатын өткізді, суреттері  барлық ата-аналар чатына және мектеп Facebook парақшасына жүктелді. 1-6 сынып оқушылар арасында «Жақсылық пен үміттің түсі» атты шығармашылық бейне сурет салу байқауы өткізілді. Мектеп «Өзін-өзі басқару» ұйымының ұйымдастыруымен жоғарыда аталған қарт кісілердің үйіне барып үй шаруаларына көмектесу мақсатында тазалық жұмыстары жүргізілді.Атап айтқанда үй айналасы, қора сырты жиналып, қоқыстар тазаланып өртелді. Өткен іс-шараның мақсаты ардагерлерді ұстаздарды, қарт кісілерді, және мүмкіндігі шектеулі азаматтарды құрметке бөлеу ,өскелең ұрпаққа олардың ерен еңбегін паш ету болып табылады. Өзін-өзі басқару ұйымының белсенділері «Қарттарым асыл қазынам»аты концерттік бағдарлама өтті.Қарттардың көңіл күйі көтеріліп жоғары деңгейде өтті. Концертіміз ютуб әлеуметтік желісіне салынды.

  

         Қазан айының алғашқы аптасы 2-қазан күніне тура келіп мектепте ұстаздар күніне арналған мерекелік концерт  өткізілді. Ұстаздар күніне  оқушылар  қабырға газеттері  мен 

құттықтау  сөздерін  шығарды. Концертті бастамас  бұрын жүргізушілер  ұстаздарға деген  өздерінің ыстық лебіздерін  білдірді. Ұстаздар күніне  барлық сынып оқушылары белсене  қатысты. «Ұстаз-ұлы тұлға» атты  тәрбие сағатын

 6 сынып жетекшісі Б.Айтуарова мен «Жас Ұлан» ұйымының мүшелерінің ұйымдастыруымен ардагер қарт ұстаздарымыздың, ата-аналардың басын қосқан мерекелік жиын өтті. Әр оқушы өз  сынып жетекшілеріне арнап өлең жолдарын шығарып, ұстаздарына шағын  сыйлықтарын  ұсынды. Концертте әр түрлі өнерлер көрсетілді.

«Мерекеңмен, аяулы ұстаз!» Ж.Ділдебаева ашық тәрбие сағатын өтті. 

Балалар мұғалім, ата-аналарға ыстық лебіз, тілектерін, мерекелік тартуларын  берді 



   

7 қазан күні мектеп парламентінің ұйымдастыруымен   Күзгі бал  мерекекесі өтті

Күзгі бал өте қызықты өтті. Күзгі балдың  бірінші кезеңі  таныстыру, екінші кезеңі  мәнерлеп оқу, үшінші кезеңі  музыкалық нөмір, төртінші кезең сән көрсету, бесінші кезең күздік ас мәзірін көрсету болды.  Жоғары сынып оқушылары өздерінің жаңашыл, шығармашыл, іскер екенін көрсете білді.  


    

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив