Мектеп-мейірім мекені
"Тұрмыс-1" жалпы орта мектебінде «1қыркүйек - білім күні» арналған салтанатты жиыны өткізілді. Жиын сағат 10.00-де басталды. Жиын Мемлекеттік Ту көтеріліп, Әнұран орындалуымен басталды. Салтанатты жиынды ашу рәсімі мектеп директоры Э. Бекбаеваға берілді. Өз сөзінде мектеп директоры былтырғы оқу жылының нәтижесіне тоқталып, келген оқу жылында оқушыларға, ата-аналарға және ұстаздаға жылы лебізін білдірді. Сонымен қатар жиын қонақтарына, ата-аналарға құттықтау сөз берілді.